Қазақстанда қанша түрікмен ұлты өмір сүреді?

1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша қазақ жерінде 2 мыңнан астам түрікмен ұлтының өкілі өмір сүрген. Ал бүгінгі деректерге көз салсақ, Қазақстанда 3 мыңға жуық түрікмен бар. Олардың басым бөлігі Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өмір сүреді. Түрікмендер дәрігер, музыка танушы, кәсіпкер, суретші, мұғалім, инженер және театр режиссері сияқты мамандықты меңгеріп, Қазақстанның дамуына үлес қосып келеді. Бүгінгі кейіпкеріміз – театр режиссері Мекан Жұмабаев.