Қазақ пен корей ұлтының салт-дәстүріндегі ұқсастық

Бүгінгі бағдарлама Қазақстанда тұратын корей ұлтының өкілдері туралы болмақ. Қазақ тілін жетік меңгеріп, ауылдың көркеюіне атсалысып жүрген Александр Сонмен танысу үшін бағдарламаның шығармашылық ұжымы Алматы облысы, Қаратал ауданы, Кәлпе ауылына аттанды. Қазақ пен корей ұлттарының арасында берік достық қалыптасты. Өзгеге қырын қарамай, құшақ жаятын қазақстандықтар корейлерге пана бола білген. Өз кезегінде корей ұлтының өкілдері де қазақтарға дән риза. Біздің келесі кейіпкеріміз – Мин Кю Ким. Миннің достарының басым бөлігі қазақтар.