Омар Мохаммедсаруар: Қазақтың тілі мен дінін санама сіңіріп өстім

1940 жылдан бастап жазиралы қазақ даласына қоныс аударған өзге ұлт өкілдері баршылық. Қазақ ұлты олардың ешбірін кері итерген жоқ, керісінше, халқы да, табиғаты да құшағын жайып қарсы алды. Содан бері кең байтақ еліміз 130-дан аса ұлттың Отанына айналды.

Біздің кейіпкеріміз де қазақ жерінде туып өскен өзге ұлт өкілі. Омардың отбасы да сол лекпен Қазақстанға қоныс аударған ауған ұлтының өкілдері. Бүгінде олар Алматы қаласында тұрады. Өзі айтқандай, Омар қазақ даласында дүниеге келді, қазақ тілі мен ділін санасына сіңіріп өсті.