«Жас Қанат-2019» республикалық байқауы. 2 бөлім

Назарларыңызға жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Жас Қанат – 2019» республикалық байқауының 2-ші бөлімін ұсынамыз.

Биыл 28 мәрте өткен конкурсқа Өскемен, Семей, Нұр-Сұлтан, Шымкент сынды еліміздің 10 қаласынан  жас өнерпаздар бақ сынады.

Естеріңізге сала кетейік, «Жас қанат» байқауы алғаш рет 1992 жылы Алматыда өтті. Бұл байқаудың «Азия дауысынан» айырмашылығы мұнда тек қазақстандық жас орындаушылар ғана қатыса алады. Тағы бір ерекшелігі, ол бір рет өнер көрсеткен адам екінші рет қатыса алмайды. Яғни, жыл сайын жаңа жұлдыздар жанады.