Елордада «Ұлттық домбыра» күні тойланды

Өткен жылы Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланды. Жыл сайын атап өтілмек бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі ерекше болмақ.  

Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. Қазақ пен дом­быра егіз ұғым.  Күні кешеге дей­ін әр үйдің төрінде ілулі тұра­тын ұлттық аспабымыздың күм­бірлеген үні бүгінде қайта жаңғырды.

Биыл 7 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлттық домбыра күніне» арналған мерекелік концерт өтті.

Қазақ елі монументінің алдындағы алаңға ниет білдіргендердің барлығы қатысты. Домбырамен күмбірлеген қазақ күйлері барша қонақтар мен қала тұрғындарының ықыласына бөленді.