ХV халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің күнделігі

Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ашылу салтанаты биыл тағы да кинематография саласындағы өнер майталмандарының басын қосты. Фестивальдің алқашқы күні отандық және шетелдік БАҚ өкілдері байқау ұйымдастырушылармен, қазылар алқасы және қонақтарымен жүздесті.

Голливуд өкілі, журналист, «Алтын глобус» жүлдесінде дауыс құқығы бар тұлға Сергей Рахлин ХV халықаралық «Еуразия» байқауында қысқаметражды және анимациялық фильмдерді саралайтын қазылар алқасының төрағасы болып бекітілі. Сондай-ақ байқауға қатысатын фильмдер мен кинокартиналарды бағалау жұмыстары Қырғызстанның киномайталманы Эрнест Абдижапаровқа, венгриялық кинорежиссер Тамош Тот, франциялық режиссер Эрве Шнейдқа  тапсырылды.

Кинофестивальдің бұл күнделігінде әйгілі қонақтар, отандық және әлемдік кино жұлдыздардың қызыл кілем үстімен жүріп өткен салтанатты рәсімін тамашалай аласыздар.