«Saz and Soul» концерті

Qazaq TV арнасы «Saz and Soul» тобының авторлық кешін назарларыңызға ұсынады.

Айта кеткен жөн, бұл ән кеші «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының 60 жылдық мерейтойына орай «Жұлдызбен бір сахнада» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Концертте ұлттық нақыштағы заманауи әуендер, халық әндері мен танымал шығармалар орындалады.

Өнер көрсететіндер: Зарина Божақова, Болат Тұрабеков, Самғар Толқынханұлы, Ерболат Әділов, Азамат Темірбаев, Аслан Қуатов, Әділжан Толықпаев.