Орталық Азияның ең сәнді дизайнерлері

Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз – суретші Айжан Әбдубаит, және дизайнерлер Зухра Инат пен Миррахим Опош.

Біздің алғашқы кейіпкеріміз Қазақстандық дизайнер – Айжан Әбдубаит. Ол қолөнермен айналысатын келіншектердің арасында өсті. Алматыға қоныс аударғаннан кейін гобелен жасау техникасын меңгеріп, жұртшылықты тәнті етті. Тіпті, талғамы биік француздардың өзі оның туындыларына тамсана қарады.  

Уақыт өте келе ол алтынмен зер салу әдісімен танысты. Сөйтіп, шет мемлекеттерде де оның туындылары бағалана бастады.  

Сондай-ақ біз сіздерді фирмалық дүкендері тек Өзбекстанда ғана емес, сондай-ақ, Еуропаның көптеген елдерінде танымал дизайнермен таныстырамыз. Ол – танымал киім дизайнері Зухра Инат.

Және Бішкектегі Қырғызстандағы сән индустриясының дамып, өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген дизайнер Миррахим Опошпен танысатын боламыз.