Қазақстандық әзілкештердің комедиялық жанрдағы фильмдері

Соңғы жылдары аймағымыздың көптеген елдерінде отандық кинематографияның қарқынды дамуы байқалады. Картиналардың саны да, сапасы да біршама артты.

Қазақстанда жергілікті киноға деген сұраныстың өскені соншалық, олар кассалық жинақ бойынша голливуд блокбастерлерінен кем түспейтінін мойындаған жөн. Киноиндустрия саласында жұмыс істеп жүрген жаңа толқын пайда болды. Жаңа есімдер ашылды.

Бүгінгі бағдарламамызда танымал комедиялық актерлар шығармашылық жолы, өмірлік ұстанымдары және сүйікті фильмдеріндегі рольдері туралы баяндайды.