Фотосуретші кәсібінің құпиялары

Фотосурет кәсібінің тарихы тереңде жатыр. Алғаш пайда болған сәттен-ақ өнердің бұл түрі халықтың ерекше қызығушылығын тудырды. Өйткені фотосурет өнері – өміріңіздегі маңызды сәттерді камераға түсіріп алып, келер ұрпаққа естелік қалдыруға бірегей мүмкіндік сыйлайды. 

Кейде тіпті, бір ғана суреттің өзі бүкіл бір елдің шежіресі мен замана сырын шертеді, бүкіл дәуірде болған оқиғалар мен мемлекеттің жетістіктері туралы хабар береді.

Ендеше, біз бағдарламамызда өмірін фотосурет өнеріне арнап, кәсіби білікті маман ретінде танылған және шығармашылығымен көпшілікті тәнті еткен тұлғалар туралы баяндаймыз.

Фархат Қабдықаиров, Вагид Гасанов және Владислав Ушаковтың фототуындылары. Талантымен тәнті еткен тұлғалардың шығармашылық жолы және өнердегі ұстанымдары.