Алматы, Баку, Бішкек қалаларындағы ерекше саябақтар

Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, XXI ғасырдың ортасына қарай жер шары халқының тең жартысы қалаларда тұратын болады. Сәйкесінше, орман, тоғай, су қоймалардың саны жыл өткен сайын азая бермек. Бұл адамдарға кері әсерін тигізетіні анық. Осы орайда, заңды сұрақ туындайды: Сонымен, не істеу керек?!  

Бұл өзекті мәселенің шешімі – кез келген адам қаладан алысқа ұзамай-ақ, тамылжыған табиғат аясында күш жинап, таза ауамен тыныстап, көңіл көтеретін және өзін -өзі мәдени дамытатын саябақтарды ашу болып табылады. Саябақтардың бірнеше түрі болатынын айта кеткен жөн. Мұндай орындарда балалармен қатар, үлкендер де сая табады.

Ендеше, бүгінгі бағдарламамызда біз Алматы, Баку, Бішкек қалаларынындағы ерекше саябақтармен танысатын боламыз.