Ойқарағай шатқалындағы белсенді демалыс

Ғалымдардың айтуынша, тау бөктеріндегі демалыс өте пайдалы. Ендеше, бүгінгі бағдарламамызды биіктігімен тәнті ететін, құдыреттілігімен баурап алатын, саф ауасымен күш беретін және жағымды энергия сыйлайтын таудағы демалыс түріне арнауды жөн көрдік.

Бүгін біз кереметтігіне көз тоймас шатқал туралы әңгімелейтін боламыз. «Ойқарағай» - Қазақстан аумағында орналасқан аса танымал шипажайлардың қатарына жатады. Бұл жерден жанға жайлы демалыс, көтеріңкі көңіл-күй және қайталанбас әсер алатыныңыз анық.