ТМД елдерінің танымал цирктері

Цирк. Еліктіреді,қызықтырады және таң қалдырады. Иә, сан жылдар бойы көреременді ғажайып әлемге жетелеп, қайталанбас әсер сыйлап келген бірегей өнер туралы не білеміз? Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан әртістерінің тыныс-тіршілігі, мақсаттары мен ұстанымдары қандай? Бұл туралы «Азия өрнегі» бағдарламасынан біле аласыздар!

Қазақстанда төрт стационарлы цирк бар. Негізінен, бұл өнер түрін қазақтар ежерден-ақ меңгергенін айта кеткен жөн. Иә, цирктің элементтері көп жерлерде кездесетіні жасырын емес. Мысалы, ұлттық ойындар, жауынгерлердің қару-жарақты меңгеруі мен ат құлағында ойнаған шабандоздардың шеберлігін айтуға болады. Осы орайда, 1970 жылы Алматы қаласында республикадағы алғашқы кәсіби цирк ашылып, әртістердің биік шыңдарды бағындаруына мүмкіндік туды. Ендеше, әлемге әйгілі Қазақ мемлекеттік циркінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныс болыңыздар!