Өнерпаз әулеттер

Танымал өнерпаз әулеттер. Бір елдің мақтанышына айналған, көпшілікке үлгі болған отбасылар. Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанның талантты тұлғалары туралы «Азия өрнегі» бағдарламасында.

Династия – бұл ата кәсіпті нәсіп етіп, бабаларының еңбек жолын жалғастырған бірнеше буын өкілдері. Ендеше бағдарламамыздың бұл шығарылымын шығармашылық әулеттерге арнағанды жөн көрдік. Біздің аймақта мұндай талантты отбасылар жетерлік. Осы орайда, жақындарының бастаған ісін жалғастырып, жетілдіріп жүрген жастарды көргенде, кез келген ерекше қуанышқа бөленетіні рас. Иә, әке аманатына адалдық, бабалар мұратына құрмет деген осы шығар, сірә!