Жасыл желегі жанға сая – Тәжікстан

Тәжікстан Республикасы – Орталық Азиядағы мемлекет. Теңізге шығатын жолы жоқ. Шегарасы Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Ауғанстанмен шектеседі. Аумағы – 143 100 км². Әлем бойынша 93-ші орында. Халық саны 2021 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша 9 504 000 адам. Астанасы – Душанбе. Дипломатиялық байланыстар Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында 1993 жылы 7 қаңтарда орнаған. Жасыл желегі жанға сая, халқы көп және қонақжай – Тәжікстан. Елдің басты қаласы Душанбе жылдам дамып келеді. Қызу жүргізілген құрылыс жұмыстарының арқасында қаланың бүгінгі келбеті жаңа сәулет нысандарымен көркейе түскен.