Ерлан Стамбеков және Хакім Бөлебеков

Әнге қосылған қала эллегиясы... Қазақстанның заманауи романтиктері деп, кімдерді айтамыз? Стамбеков пен Бөлебеков өз өлеңдерінде нені жырлайды? Оның бәрін Book Club бағдарламасының кезекті шығарылымынан көре аласыздар. 

Оның аты-жөні – Ерлан Стамбеков. Оның ресми өмірбаянын оқысаң, «бұл адамның өнерге қандай қатысы болуы мүмкін?» деп ойлайсың. Қор биржасының маклері, сауда үйінің директоры, екі рет қалалық мәслихатқа депутат болған... оның үстіне, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесін басқарған.  

Хакім Бөлебеков – қазақстандық ақын, сценарист және жазушы. 5 бірдей өлеңдер мен поэмалар жинағының авторы. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін және Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясы Физика институтының аспирантурасын бітірген. Әйгілі физик, кванттық электрониканың негізін қалаушы, Нобель сыйлығының иегері, академик Николай Басовтың шәкірті болған адам.