Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы

Қазақ әдебиеті магиялық фольклорға бай. Ал сол мол мұраны қаншалықты игере алдық? Өткен ғасырда аңыз-әфсаналар классикалық үлгіге түсті, жаңаша жырланды. Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы бұрыннан бар байлыққа қосылған қомақты қазына. Екі дүние, қос әлемге алтын көпір болған қобыз үнінің құпиясына бірге үңіліп көрелік.