Қамшы – билік пен күштің белгісі

Баяғы заманнан-ақ қырғыздардың негізгі қатынас көлігі ат болған. Сондықтан әрбір үйде міндетті түрде қамшы тұрған. Оны киіз үйдің ерлер отыратын тұсына, төр жаққа ілген. Қамшы билік пен күштің белгісі саналған және әкеден балаға мұраға беріліп отырған. Қолбасшының қамшысы өзгесін былай қойғанда, оның халық алдындағы жауапкершілігін білдірген. Қырғыз қоғамында адамның барлық іс-әрекетін айтқызбай-ақ ұғуға болатын белгілі бір мән-мағынаға ие деп қабылданған.

Мәселен, келген қонақтың ниетін қамшысына қарап түсінген. Егер мейман қамшысын ер-тоқымына іліп қойса, оның асығыс екенін, көп ұзамай кететінін түсінген, ал егер қамшысын киіз үйдің қабырғасына ілсе, біраз уақытқа келгенін аңғарған. Сондай-ақ қонақ қамшысын екі бүктеп аттан түссе, үй иесі оның әлдебір хабармен келгенін түсінген.

Халил Момунов – кәсіби мүсінші. Ол Тұрғынбай Садықов атындағы ұлттық көркемсурет академиясын бітірген. Соңғы 15 жылдан бері «Қырғызфильм» киностудиясына арнап реквизиттер дайындайтын шебер болып жұмыс істейді. Ол қамшының неден және қалай жасалатынын айтып әрі көрсетіп бермек.