Анастасия Тамаева-Никифорова: Мамандығым өте қызықты әрі санаулы кәсіптің бірі

Таныс болыңыздар! Ыстық эмальмен жұмыс жасаудың білгірі – Анастасия Тамаева-Никифорова. Бұл өнер түрі өте сирек кездеседі. Тіпті зергердің жұмысынан да ауыр деп айтуға болады. Оны жасау үшін арнайы материалдар мен құрал жабдықтар керек. Сондықтан бұл Қазақстанда кенжелеу дамып отыр. Біздің елде ыстық эмальмен жұмыс жасайтындар өте аз. Ыстық эмальдан жасалған заттар біздің эрамызға дейін шамамен үш мың жыл бұрын Кипрден табылған. Бұл ұзақ сақталатын бұйым. Жүздеген жыл өтсе де түр- түсін, сырт келбетін жоғалтпайды. Бәлкім кейбір жері бүлінуі мүмкін, бірақ бастапқы қалпында тұра береді. Ыстық эмалдың: көркемдік, ойлы-қырлы және қалқалап беру деген үш түрі болады. Кейіпкеріміз осының соңғы екеуін өзіне серік еткен.