Құрманғазы атындағы оркестрдің Испанияға сапары

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің тарихы 1934 жылдан бастау алады. Атақты оркестрдің мұрағатында Еуропада, Азия мен Америкада өткен салтанатты кештердің бейнежазбалары сақталған. Бұл жолы қазақ мәдениетінің жауһар музыкасымен Испания мемлекеті танысатын болады.

Пиреней түбегінде отандық ұжымның артистері Қазақстан гимн орындап, қазақ домбырасының күйін күмбірлетті.

Қазақстандық оркестрдің гастрольдік сапары ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Ұзақ жылдық тарихы бар еліміздің көне ұжымының өнері – қазақ музыка мәдениетінің ұмытылмас қазынасы. Музыкалық инструменттердің сарынымен жеткен сазды әуен – Ұлы даланың теңдессіз ғажап көрінісін суреттейді.