«Солистер академиясының» Италияға сапары

Бүгін назарымызды Италияның музыка алаңына аударайық. Бағдарлама тақырыбы «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің Италияның көркем қалаларына гастрольдік сапары туралы болмақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған сапар италиялық көрерменнің қазақ музыкасымен, орындаушыларымен таныстығына арналды.          

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақконцерт мемлекеттік концерттік ұйымының қолдауымен өткен гастрольдік сапарда «Солистер академиясының» артистері өзен жағасында, көне ғибадатханалар мен музейлерде өнер көрсетті.