«Хан ордалы Сарайшық» мұражай-қорығы

Атырау мен Атырау облысы туристік аймақ ретінде республикалық арналардың эфирінен жиі көрсетіле бермейді. Сондықтан біз көрермендерді осы аймақтағы туристік орындармен таныстырайық деп шештік. Сонымен бүгін біздің назарымызда – Атырау қаласы.

Атырау – әйгілі күйшілер Дина Нұрпейісова мен Құрманғазы Сағырбайұлының туған жері. Құрманғазымен алғаш кездескен кезде Дина 9 жаста болған екен. Сол кездесуден  кейін-ақ, Құрманғазы болашағы зор, танымал музыканттың өсіп келе жатқандығын біліп, бала Динаға өз батасын беріп, шәкірттерінің қатарына қосқан екен.