Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы

Ақсу-Жабағылы қорығы – Талас Алатауы мен Өгем тауларының орналасқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Ол 1926 жылы құрылған. Ақсу-Жабағылы – Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан.

Ол екі мемлекетпен – Қырғызстан және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарын және Жамбыл облысының Жуалы ауданын  қамтиды.

Қорықта ең биік тау – Сайрам шыңы, оның биіктігі теңіз деңгейінен 4238 м. Қазақ халқы бұл тауды «Ақтүйе өлген» деп атаған, өйткені таудың көрінісі жансыз жатқан түйеге ұқсайды.

Қорықтың биік, мұзды Бұғылытөр шыңы ерекшеленеді. Бұғылы деп аталуы, бұл тауда бұғылар мекендеген.

Қорық тағы да несімен ерекшеленеді? Мұндай қандай жануарлар мекендейді және қандай өсімдіктер дүниесіне бай? Толығырақ бағдарлама барысында біле аласыздар.