Сайрам – Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты

Сайрам кезінде Исфиджаб деп аталған. Ол – Қазақстанның оңтүстік аумағындағы ең көне қоныстардың бірі. Сайрамсу өзенінің жағасында, Шымкенттен 10 шақырым жерде орналасқан. Бұл – зороастризмнің «Авеста» атты киелі кітабында айтылған жалғыз қала.

Қаланың тарихы, орталығы заманауи күйінде сақталған. Исфиджаб – Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы басталатын нүкте. Шаһарды Самарқанд, Бұхараның ең үздік шеберлері мен көпестері салған.

Сайрам жайлы алғашқы дерек Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде кездеседі. Онда: «Сайрам – Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты» делінген. Демек, Сайрам – Исфиджабтың кейінгі аты. 15 – 18 ғасырларда қазақ хандықтары кезінде Сайрам ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. Ғалымдар шаһарды тіпті, 5 құрлықтың қаласы деп те атап кеткен.

Қазақстанның көне жерлерінің сырын тануға әзір болсаңыз, сондай-ақ Баянауыл ұлттық паркіне аттанып, Кемпіртастың құпиясын ашып, Торайғыр көліне дейін жеткіңіз келсе, біздің бағдарламаны көріңіз.