Қырғызстан. Манас кесенесі

Қырғызстанға тамсанудан жалықпаймыз! Бүгін осынау таңғажайып елдегі соңғы күнімізді өткереміз! Біз алдыңғы бағдарламада Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында армансыз демалдық, шатыр тігуді үйрендік, «Сказка» шатқалының ерекше жер бедерінен аңызға айналған жануарларды іздеп таптық, жаужүрек қырғыз қыздарының кейпіне еніп көрдік.

Ал бүгін бастан кешетін хикаяларымыз одан да қызық, одан да шытырман. Біз қырғыздың ежелгі сәулет өнерін айғақтайтын Бұран мұнарасына барамыз, заңғар таудағы Сусамыр алқабының таза ауасымен тыныстаймыз және Манас батыр жерленген киелі жерге тәу етеміз. Еліктіре ме? Ендеше бізге қосылыңыз!