Құрғақшылыққа төзімді бидай сұрпы шығарылды

Қазақстандық ғалымдар бидайдың жаңа сұрпын шығарды. Ол әдеттегі астықтан гөрі ерте піседі әрі құрғақшылыққа төзімді.

Тың тұқымды Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары әзірлеген. Жаңа дақыл түрі гектарына 35% дейін өнім береді. Жергілікті селекционерлер осы күнге дейін бидайдың 30-дан астам жаңа сұрпын шығарған. Олар аймақтағы егістік алқаптарының 70% себіліп жүр.

Әділхан Бәбкенов, бидай селекциясы бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл – орташа ерте пісетін сұрып. Нақтырақ айтсақ, 90-95 күнде жетіледі. Ол құрғақшылыққа және түрлі ауруларға төзімділігімен ерекшеленеді.