Мұнай бағасы көтерілді

«Brent» маркалы мұнай бағасы 2019 жылдың сәуірінен бері алғаш рет 74 доллардан асты. Сондай-ақ «WTI» маркалы «қара алтын» баррелінің құны 72 долларға дейін, яғни 2% өскен.

Мұнай нарығындағы оң өзгерістерді сарапшылар көптеген елде коронавирусқа байланысты енгізілген карантиндік шектеулердің жеңілдетілуімен байланыстырып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Халықаралық энергетика агенттігі 2022 жылдың соңына қарай «қара алтынға» деген сұраныс дағдарысқа дейінгі деңгейге оралады деп болжаған болатын.