Анкарада халықаралық қолөнер көрмесі өтті

Қазақ халқының мәдениетін насихаттап, өзге елдердің салт-дәстүрлерімен танысу. Осы мақсатта Түркиядағы Қазақстан елшісінің жұбайы құрған клуб мүшелері халықаралық қолөнер көрмесін ұйымдастырды.

Анкарадағы шараға қолмен жасалған 300-ге жуық бірегей бұйым қойылды. Арасында жібек жіп пен баулардан тоқылған картиналар, түрлі тастардан жасалған әшекейлер, түрікше мәнерде кестелеп тігілген туындылар бар. Ерекше еңбектердің бәрі – клуб мүшелерінің төрт жылғы жұмысының жемістері. Клуб үйлестірушісі Гүлбану Сырғабаеваның айтуынша, туындылардың бір бөлігі сатылып, түскен қаржы қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады.

Рүмейса Доған, тұрғын:

- Түрік қолөнерін жақсы меңгеріп алды. Бұл – екінің бірінің қолынан келмейтін дүние. Бір-бірінен әсем ғажайып туындылар шығыпты. Шыдамдылық пен табандылықты қажет ететін жұмыс қой бұл. Өзім тәнті болып, мақтан етіп отырмын. Пандемия уақытында бізге жақсы көңіл-күй сылайды.