ХҚКО-ға Ashyq-пен кіруге болады

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары бұрынғы жұмыс режиміне «Ashyq» мобильдік қосымшасының көмегімен оралуда. Әрбір фронт-офис сканерлеу үшін өзінің дербес QR-кодын алды. Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, енді мемлекеттік қызметтерді алдын ала онлайн кезекке тұрмай-ақ, қауіпсіз мәртебесіне ие клиенттер ала алады. Ал «сары» немесе «қызыл» статусы анықталған тұтынушы ғимаратқа кіргізілмейді. Осылайша қызмет көрсету орталықтары қабылдайтын азаматтар санын көбейтіп, қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтай алады.

Десек те, алдын ала онлайн кезекке тұру қызметі сақталады, алайда бұл міндетті қажеттілік болып табылмайды.

Айта кетейік, «Ashyq» немесе оған ұқсас функциясы бар басқа қосымшалар болмаған жағдайда, қазақстандықтардың мәртебесін кірген кезде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері ЖСН бойынша анықтайды.

Авторы: Ақзер Сегізбай