14 қазақстандық ЖОО әлемнің беделді университеттерінің қатарында

Қазақстандық жоғары оқу орындарының рекордтық саны «Quacquarelli Symonds World University Rankings» халықаралық академиялық рейтингіне енді. Отандық 14 университет беделді тізімнен орын алған. Сондай-ақ биыл кейбір оқу орындары рейтингте бірнеше орынға көтеріліп, өз позицияларын нығайта түсті. Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Қазақстандық білім ордаларының үздіктер қатарынан көрінуі отандық жоғары білімнің халықаралық деңгейдегі танымалдылығының арта түскендігін көрсетеді», – дейді сарапшылар.

Авторы: Әсел Күшенғалиева