Түркістанда көне балбал тас табылды

Түркістан облысында ежелгі балбал құлпытасы табылды. Бірегей олжа біздің заманымыздың І-ІІІ ғасырларына тиесілі. Тарихшылардың айтуынша, ескерткіш сол кездегі әйгілі қолбасшының құрметіне жасалған болуы керек. Себебі бетінде әскери бас киім анық бейнеленген. Сонымен қатар көне жәдігер ежелгі түркі дәуіріне де тиесілі болуы мүмкін деген болжам бар. Ғалымдардың айтуынша, көне заманда жалпыға ортақ белгілердің графикалық бейнелері бар осындай ескерткіштер құрметті адамдардың қабірлеріне қойылған.

Нұрлан Смайлов, аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі:

- Шардара ауданы аумағында орналасқан өте көне тарихи нысан. Тарихи орын. Түркілердің, ғұндар жауынгерінің мүсіні, соның құрметіне арнайы дайындалған мүсін деп ойлаймын.