Арал теңізі 2030 жылға дейін БҰҰ бақылауында болады

2030 жылға дейін Арал теңізі Біріккен Ұлттар Ұйымының жіті бақылауында болады.  Теңіздің тартылған орны шөлге айналып, халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін экологиялық апатқа ұласты. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының «Эко-Даму» бағдарламасы аясында бірнеше жұмыстар жүргізіледі. Яғни сексеуіл көшеттерін отырғызу, эко жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы Ұйымның Қоршаған орта бағдарламасы өңірлік кеңсесінің басшысы Айдай Құрманова айтты.

Бұдан бөлек биыл биоауландықты сақтау үшін ауыл тұрғындарына 275 млн теңге несие беріледі.  Қаржыландыру жергілікті тұрғындарға экологиялық бизнес түрлерін, соның ішінде экотуризм, балық немесе орман шаруашылығы салаларын ашуға немесе дамытуды қолдауға арналған.

Айта кетейік, жобаның қолдауымен Қазақстанда 8 ерекше қорғалатын аймақ құрылады.