4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

Қазақстанда бүгін мемлекеттік рәміздер күні. Егеменді республиканың атрибуттары – Ту, Елтаңба және Әнұран 1992 жылы бекітілген. Мемлекеттік нышандарымыз бірлікті, еркіндікті, келісімді, тәуелсіз елде өмір сүретін халықтың дәстүрлері мен құндылықтарын және оның көпғасырлық тарихын айқындайтын, ел дамуының ажырамас бөлігін көрсетеді.

Жандарбек Мәлібеков, Қазақстан Респуликасы Елтаңбасының авторы:

- Біздің рәмізде дәстүрлер, жалпы қазақ халқының тарихы, Ұлы дала мәдениеті бейнеленген. Сондықтан біздің Елтаңбамызда, Туымызда, Әнұранымызда біздің бостандығымыз, тәуелсіздігіміз, сондай-ақ гуманистік көзқарас әрқашан көрініс тапқан. Қазақстан бейбітшілікті басты құндылық деп санайды.