«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық журналистер байқауының жеңімпаздары анықталды

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. «Үздік телевизиялық  материал» номинациясын «Хабар» телеарнасының «Человек эпоха: дальше и выше мечты» деректі фильмі жеңіп алды. Идея авторы – «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы – Елбасы кітапханасы. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған байқаудың ұйымдастырушылары – Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы. Іс-шара биыл осымен 5-ші рет өтіп отыр. Басты мақсат – тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктері, Елбасының идеялары мен бастамаларын кеңінен таныту.

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАНҰЛЫ, НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Осы жылы 540-қа жуық жұмыс келіп түсті. Оның 350-і комиссияның қарауына өткізілді. Бір атап өтетін жайт, Тәуелсіздік мәселесіне қатысты, Қазақстанда болып жатқан үрдістерге қатысты, оның ішінде Елбасының рөліне қатысты көршілес Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Еуропадан - Түркия, Румыния секілді елдердің қаламы қарымды журналистердің материалдары қуантты.