Риддердегі өрт: салдарын жоюға 557,5 млн теңге бөлінді

Таяуда Риддер қаласында болған өрт салдарын жою үшін Үкімет жарты миллиардтан астам қаражат бөлді. Зардап шеккен отбасыларға берілетін жаңа үйлердің құрылысы басталып кетті. Билік жаздың соңына дейін үйлерді тапсыруға уәде берді. Жаңа шағын ауданда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысына барған Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді. Үкімет резерві есебінен салынатын жаңа үй 30 отбасына беріледі. Әр үйдің ауданы – 80 шаршы метр, ал үй маңындағы жеке учаске көлемі –10 сотық.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен аймақ басшылығына жаңа үйлерді салу жөнінде тапсырма берді. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. 15 тамызға дейін бәрін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Дегенмен шілде айында жаңа үйге кіріп қалуларыңыз да мүмкін.