Ораза айт басталды

Күллі мұсылман қауымы үшін Ораза айт басталды. Рамазан айы аяқталғанын білдіретін берекелі мейрам үш күн бойы тойланады.

Ораза айты кезінде мұсылмандық діни жоралғы бойынша адамдар үйлерінде дастарқан жайып, келген адамды қарсы алып, игі тілек тілейді. Таңмен таласа оқылатын Айт намазы биыл елімізде санитарлық талаптарға сай мешіт аулаларында өтті.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

- Алла тағала барша жанның осы қасиетті күнде тілеген дұға-тілектерін қабыл етсін! Еліміз бен жерімізге тыныштық, ынтымақ, бірлік берсін! Ырыс-несібеміз арта берсін! Біздің елді табиғи апаттардан, бәле-жаладан қорғап, құтты, берекелі болуымызды баршамызға нәсіп етсін деймін.