Ashyq мобильді қосымшасы App Store-дан жоғалып кетті

«Ashyq» жобасындағы ақау. Пайдаланушылар бұл жолы бағдарлама iOS жүйесінен жоғалып кетті деп шағымданып отыр. Дегенмен Android-те жұмыс істейтін гаджеттерде «Ashyq» бағдарламасын жүктеп алуға болады.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері техникалық ақау туралы ақпаратты растап отыр. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, қосымша тек бұған дейін көшіріп алғандардың смартфонында істеп тұр.