Электрондық үкімет: Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастап тұр

Қазақстан «Электрондық үкімет» жүйесін дамыту бойынша ТМД елдері арасында 1-орында тұр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, БҰҰ-ның «Е-үкімет» даму көрсеткіштері бойынша рейтингі сөз болып отыр. Онда 193 мемлекеттің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша электрондық платформаларының жұмысы бағаланды. Бұл көрсеткіштердің нәтижесінде біздің еліміз 29-орында. Спикер қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 94,4% бірден электрондық форматқа көшірілгенін атап өтті. Оның ішінде автокөлікті тіркеу, жеке басын куәландыратын құжаттарды, жүргізуші куәлігін беру, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу – ең сұранысқа ие қызметтер.