Елордада дезинфекция жүйесі бар аялдама іске қосылды

Елордада автономды дезинфекция жүйесі бар «ақылды» аялдама іске қосылды. ТМД-да теңдесі жоқ қазақстандық өнертабыс ауаны дыбыссыз режимде және қашықтан зарарсыздандырып, вирустың 99,9%, сондай-ақ COVID-19-ды жоюға мүмкіндік береді. Технологияның принципі қарапайым – ауа екі рет сүзгіштен және ультракүлгін сәулелендіруден өтіп, таза болып шығады.

«Ақылды» жүйе пилоттық режимде әзірге тек бір аялдамада ғана орнатылған. Алдағы уақытта әзірлеушілер жобаны бүкіл елге таратуды жоспарланып отыр.

Руслан Еркетаев, жоба жетекшісі:

- Бұл жабдықты бақылау үшін қызметкердің қатысуы қажет емес. Кеңседе отырып, компьютер арқылы аялдама ішінде не болып жатқанын көреміз. Павильонның орналасуына қарай кеңседен басқарамыз, бағдарламаны қанша уақыт қосатынымызды, қай уақытта өшіретінімізді белгілейміз.

Авторы: Әсел Күшенғалиева