«Қызыл» аймақтағы өңірлерде шығарып салушылар әуежай мен вокзалға кіргізілмейді

«Қызыл» аймақтағы өңірлерде шығарып салушылар әуежай мен вокзалға кіргізілмейді

«Қызыл» аймақтағы өңірлерде жолаушыны шығарып салушылар мен қарсы алушылар әуежай мен вокзал нысандарына кіргізілмейді. Бұл туралы жаңа қаулыға көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанар Оразалина қол қойды. Бұл шектеу «жасыл» және «сары» аймақтағы облыстарға қатысты емес. Қауіпсіздік шарасы коронавирустың жаппай таралуының алдын алуға бағытталған. Айта кеткен жөн, бүгінде елдің 9 облысы «қызыл» аймақта.

Ақпарат көзі: 24.kz