Тәуелсіздік жылдары 1,6 млн қазақстандық жаңа баспанамен қамтылды

Тәуелсіздік жылдары 1,6 млн-нан астам қазақстандық баспаналы болды. Осы уақыт аралығында елімізде 170 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй бой түзеді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, тұрғын үй құрылысына инвестициялар былтыр 2019 жылмен салыстырғанда 33,6% өсіп, 2 трлн теңгені құрады. 38 мыңнан астам отбасына әлеуметтік тұрғын үй және жеңілдетілген қарыздар түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында 9 800-ден астам жанұя қоныстойын тойлаған. Биыл олардың саны тағы 5 мыңға көбеймек.

Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспанамен қамтылған отбасылардың санын екі есе арттыру жоспарланған. Сондай-ақ осы жылы «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 800 мың пәтер беріледі.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов