Тұрғын үй нарығындағы үрдістер: пәтер бағасы өсуде

Сұраныс ұсынысты тудырады. Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсуде. Тек наурыз айында жаңа ғимараттардағы баспана құны 0,5% өсті. Ал абаттандырылған пәтерлер 2% қымбаттады.

«Бұл үрдіс жалғасады», – дейді сарапшылар. Олардың пікірінше, тұрғын үй бағасы әлі де өседі. Бүгінде Қазақстанда 1 шаршы метрдің құны 220 мың теңгеден басталып, миллионнан асады. Мұның бәрі сатып алынған тұрғын үй класына байланысты. Бұл құбылысты сарапшылар импорттық материалдар қымбаттап жатқандықтан, құрылысшыларға бұрынғы бағамен сату тиімсіз деп түсіндірді.

Талғат Ерғалиев, «Қазақстан құрылысшылар одағы» президиумының төрағасы:

- Құрылыс материалдары бойынша: арматура 64% өсті, ол бүкіл құрылыс көлемінің 10-12% алады. Әрине, бұл шаршы метр құнында айтарлықтай рөл атқарады. Бұл тек бір арматура ғана, ал бізде барлық құрылыс материалы қымбаттады. Жылу оқшаулағыш материалдар, керамика және т.б. Біз алып келетін барлық нәрсенің бағасы өсті.

Айта кетейік, тұрғын үй құнына мемлекет ұсынған зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі де әсер етпей қоймады. Осылайша, көптеген қазақстандық бастапқы жарна үшін қаражатқа қол жеткізіп, жаппай баспаналар сатып ала бастады.

Руслан Юсупов, риэлтор:

- Қазір көп адам жаңа ғимараттардан екінші дәрежелі тұрғын үйлерге дейін белсенді түрде баспана сатып ала бастады. Нарық дәл қазір тірілді, өйткені мамыр айында жаңа ипотека түрі күтілуде. Бұл – әскери ипотека. Ол жыл сайын болады. Нарықта баға пара-пар, бірақ тұрғын үй салушылардың өздерінде сәл жоғары.

Айтпақшы, Қазақстанда тағы бір жаңа «Әйелдер ипотекасы» бастау алды. «Отбасы банк» хабарлағандай, бұл бағдарлама отбасылық табысы 320 мың теңгеден аспайтын әйелдерге тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.

Жаңа бағдарлама отандастарымызға тиімді шартпен, яғни 15% бастапқы жарнамен немесе банк депозитінде 0 теңге жинағымен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша кредит беру мөлшерлемесі тұрғын үй заемына көшумен 12% құрайды, яғни несие бойынша жылдық мөлшерлеме 3,5% дейін төмендетіледі. Сонымен қатар тұрғын үйдің болу-болмауына қойылатын талап та жоқ.

Жылжымайтын мүлік нарығының мамандары сенімді тұрғын үй салушыларды таңдауға және пәтерлерді сатып алуды соза бермеуге кеңес береді. Әйтпесе шаршы метрлер қымбатқа түсетіні анық, өйткені баға күн санап өсіп жатыр. Ең бастысы, мүмкіндіктерді зерттеу қажет. Сондай-ақ сарапшылар көпшілік қолданыстағы бағдарламалардан хабарсыз екенін атап өтті.

Авторы: Гүлбану Тәжібек