Жаңа тұрғын үйлердің бағасы өсті

azattyq-ruhy.kz

Қазақстанда бір жыл ішінде жаңа тұрғын үйлердегі пәтерлердің бағасы орта есеппен 9% жуық қымбаттаған. Еліміздің жеті өңірінде баспана құны көтерілген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, әсіресе Павлодар, Өскемен және Оралда баға шарықтаған. Ал елордада бастапқы нарықтағы шаршы метрдің құны 15% өсті.

Тұрғын үй бағасының қымбаттауына бірнеше жағдай әсер еткен. Бұлар: теңгенің долларға қатысты бағамының әлсіреуі, ипотекалық бағдарламалардың көбеюі және тұрғын үйге деген ішкі сұраныстың артуы. Сондай-ақ зейнетақы жинақтарын пәтер алуға пайдалану факторы тағы бар.

Ұлттық банктің мәліметінше, наурыз айының басынан бері қазақстандықтар 2 трлн теңгеден асатын сомаға ипотекалық несиелер рәсімдеп үлгерген.

×