Қазақстанда спутниктік интернет пайда болады

Оны былтыр жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланған. Ел Премьер-Министрі осы мәселені «One Web» британдық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен кездесуде талқылады.

Сунил Миттал Асқар Маминге «One Web» жаһандық спутниктік желі шеңберінде қолға алынған Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді ұшыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта ғарышқа 110 спутник ұшырылды. Екі жылда космодромнан 8-ден астамын ұшыру жоспарланған.

«One Web» жаһандық желісі 1 200 км биіктіктегі 18 орбиталық жазықтықтағы 648 спутниктен тұратын болады. Бұл жоғары жылдамдықты интернетке деген қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.