Қазақстандық өнімнің сапасын арттыратын заң 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Қазақстанда мемлекеттік стандарттар жетілдірілуде. Елімізде 1 шілдеден бастап жаңа редакцияда қабылданған «Техникалық реттеу туралы» заң күшіне енеді. Бұл отандық өнімнің сапасын арттырып, төменгі сападағы сертификаттауға қарсы күресті күшейтуге мүмкіндік береді. Мәселен, биыл мамандар еуропалық жүйе секілді қауіпті өнімдер тізімін енгізуді жоспарлап отыр.

Бұдан басқа электрондық мемлекеттік бақылау жүйесін қолдану, сондай-ақ стандарттардың интернет-дүкенін іске қосу жаңалық болмақ. Бұл туралы брифингте «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов мәлімдеді. Ол өз баяндамасында қазақстандық өндірушілерді тағы қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, мамандар 52 нормативтік-құқықтық акт әзірледі. Олар мемлекеттік бақылау, техникалық реттеу, метрология және басқа да маңызды мәселелерге қатысты. Нәтижесінде, бұл кәсіпкерлерге тауарларды өндіру кезінде шығындарды азайтуға, сондай-ақ олардың өнімдері сертификаттаудан тез өтуіне мүмкіндік береді.

Қайнар Тайжанов, Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары:

- Қазіргі таңда барлық мемлекеттік стандарт Қазақстанның аумағында ақысыз жүзеге асырылуда. Бұл – биылғы жылдың жаңалығы. Стандарттарды жоспарлау мен сараптауды цифрлауды әзірлеу. Бұл өзгерістер өндірушілер мен бизнес-қоғамдастыққа стандарттарды әзірлеу кезінде көбірек интеграциялануға және осы стандарттарды әзірлеу мен енгізу кезеңінде де өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Жалпылай алғанда бұл жұмыстар кәсіпкерлер мен өндірушілердің тікелей қатысуын талап етеді. Сондықтан қоғам өкілдерін, салалық бірлестіктерді тығыз ынтымақтастыққа шақырамын.

Авторы: Ақзер Сегізбай