2025 жылға қарай 12 мың шақырым жолды реконструкциялау жоспарланды

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңғырту үшін 4 мың шақырымнан астамына жаңа жоба жүзеге асырылады. Сондай-ақ осы аралықта 10 мың шақырымы жөнделеді.

Биылғы жылдың өзінде жалпы ұзындығы 607 км болатын 4 жаңа автожол жобасы басталады. Бұған қоса жолдардың 4,7 мың шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізіледі. 3,6 мың шақырым автожол салынып, қайта жаңартылып жатыр.

Жыл қорытындысында 2,2 мың шақырым автожолды пайдалануға беру көзделген. 1,2 мың шақырымында көлік қозғалысы ашылады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов