Вакциналаудың электрондық паспорты «eGov mobile» қосымшасында қолжетімді

Қазақстанда 1414 байланыс сервисінің жұмысын жетілдіру жалғасуда. Кейінгі уақытта азаматтар тарапынан операторды ұзақ күтуге қатысты шағымдар жиі түседі. Бұл жағдайды өткен жылдан бері қоңырау саны үш есе артқандығымен түсіндіруге болады.

Нақтырақ айтсақ, қоңырау саны күніне 40 мыңнан 120 мыңға дейін жеткен. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады. Сала басшысы көктемнің соңына дейін жағдайдың жақсаратынын, желіде орташа күту уақыты 5 минуттан 30 секундқа дейін қысқарады деп сендірді.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда «eGov mobile» қосымшасында қолжетімді электрондық вакциналау паспортын пайдалану туралы айтып берді. Қосымда азаматтың қандай препаратты пайдаланғаны, қанша көлемде, сонымен қатар екпе егілген уақытына дейін үш тілде көрсетіледі.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- «eGov mobile» қосымшасында цифрлық құжаттардың ішінде вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін, вакцинацияның электрондық паспорты қолжетімді болады. Қазіргі таңда 60 мыңнан астам адам, вакцинаның екінші компонентін алған адамдардың барлығы осы электрондық паспортты қолдана алады. Кез келген адам осы «eGov mobile» қосымшасын жүктеп алуы керек. Өйткені қазір біз мемлекеттік деңгейде және басқа мемлекеттердің арасында осындй вакциналық паспортты танымал ету үшін жұмыс істеудеміз. Екіншіден, осы «eGov mobile» қосымшасын, осы электрондық паспортын QR код оқу арқылы расталатын болады.

Авторы: Ақзер Сегізбай