БАҚ-қа шолу: Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан жаңалықтары

Түрікменстанда COVID-19 вирусына қабылданған карантиндік шектеулер алынып тасталды. Сонымен бір жылдық үзілістен кейін теміржол және автобус қатынасы қалпына келтірілуде. Өз кезегінде үкімет оқшаулау шараларының алынуын түсіндірмей отыр, деп хабарлайды centralasia.media.

Шектеуді алып тастаумен қатар, елде халыққа коронавирусқа қарсы вакцина егіліп, жаңа карантиндік аймақтар құрылуда.

Айта кетейік, билік өкілдерінің айтуынша, осы уақытқа дейін Түрікменстанда бірде-бір коронавирус дерегі тіркелген жоқ.

Өзбекстан адам органдарын тек жақын туыстар ғана емес, өзгелерден де трансплантациялауға рұқсат етпек. Ел президенті бір ай ішінде осы саладағы заңнамалық базаны әзірлеуді тапсырды.

Айта кету керек, осы уақытқа дейін елде егер донор пациенттің жақын туысы болмаса, ағзаларды алмастыруға жол берілмеген. Статистикаға сәйкес, өткен жылы ғана 900-ден астам науқасқа трансплантология әдісімен емдеуден бас тартуға тура келген. Нәтижесінде елдің көптеген азаматы мұндай операцияларды шетелде жасатуға мәжбүр болды.

Қырғызстанның ұлттық банкі жыл басынан бері ең үлкен интервенция жасады, деп хабарлайды Sputnik ақпараттық агенттігі.

Көрші елдің қаржылық реттеушісі 50 млн-нан астам доллар саудалаған.

Айта кетейік, ұлттық банк жыл басынан бері валюта нарағына бесінші рет шығып отыр. Үш айдың ішінде 208 млн доллар сатылған.