Пандемия кезінде тележаңалықтар ақпараттың басты қайнар көзіне айналды

Пандемия кезінде арна жаңалықтары коронавирус инфекциясының таралуы жөнінде ақпараттың басты қайнар көзіне айналды. Қоғамдық пікірге экспресс мониторинг жүргізу бюросы осындай тұжырымға келіп отыр.

Мамандар еліміздің әр аймағынан түрлі жастағы адамдарға сауалнама жүргізген. Осы зерттеу нәтижесінде респонденттердің 70% әлеуметтік желілерге қарағанда телеарналар тарататын жаңалықтарға сенетінін білдірген. Олардың пікірінше, журналистер ақпаратты жарияламас бұрын оның нақтылығын ресми дереккөздер арқылы тексеріп алады.

Сондай-ақ аталмыш сауалнама барысында аудиторияның дені көрген мәліметтің анық-қанығын ажырата алмайтыны белгілі болды.

Серік Бейсембаев, әлеуметтанушы:

- Біз әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кеткен түрлі фейк ақпараттарға адамдардың қаншалықты сенетіндігі жөнінде сұрадық. Мәселен, қоғамда коронавирус «қарапайым тұмау» деген пікір қалыптасқан. Осыған байланысты сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші респондент оның шындыққа жанасатынын айтады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов