«Жер сағаты»: елордада көптеген нысанның жарығы сөндіріледі

ortograf.ru

27 наурыз күні елорданың 150-ден астам нысаны «Жер сағаты» ауқымды экологиялық акциясы аясында өз шамдарын өшіреді. Олардың қатарында «Ақорда» Президент резиденциясы, «Бәйтерек» және «Қазақ елі» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Ұлттық мұражай, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, сондай-ақ «Нұр Әлем» болашақ энергиясы музейі бар.

Елордалық ғимараттар ғана емес, сонымен қатар Эйфель мұнарасы, Биг Бен және Колизей сияқты әлемдегі ең танымал он мыңдаған нысан өз жарықтарын сенбі күні 1 сағатқа сөндіреді. Сондай-ақ «Жер сағаты» акциясы аясында әлем бойынша миллиондаған адам электр және тұрмыстық электр құрылғыларын пайдаланбайды.

«Жер сағаты» халықаралық шарасын жыл сайын Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры өткізетінін атап өткен жөн. Акцияның негізгі мақсаты – адамдардың назарын ғаламшар ресурстарына жауапты қарауға және оны ұтымды пайдалануға аудару.

Авторы: Ақзер Сегізбай

×